Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма алты жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Осынау ұлық мерекеде еңегі еленген ел перзенттерінің бірі — Ордабасы аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуақасов. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Баймахан Сәдуақасов «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталып отыр. Баймахан Қожатайұлын марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!