2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді. Яғни жаңа жылдан бастап зейнетақы 8 пайызға, ал жәрдемақы 6 пайызға өседі. Сонымен бірге мүгедектікке байланысты тағайындалатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мен арнаулы төлемдер де біріктіріліп, 2018 жылдан бастап бір төлем болып төленетін болады. Саладағы осы және өзге де өзгерістер барысын «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің өкілдері арнайы баспасөз жиынында мәлім етті.
Абай Омар