Бүгін сағат 11:00-де ОҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлермен туындайтын әкімшілік кедергілер туралы мәселелер қаралды.
Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды қаржыландыру, сондай-ақ, көкөніс дақылдарын өндіруді субсидиялау бойынша жасалаған бұзушылықтар туралы баяндама жасалды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ОҚО Кәсіпкерлер палатасының қарауына «Жар» шаруа қожалығының өтініші қабылданған, ол ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасынан негізсіз шығарылған. Кәсіпкердік өтінішіне сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы Кеңес отырысында айтылды.
Сол сияқты, субсидия сомаларын уақтылы бермеу салдарынан басқа шаруа қожалықтары да зардап шегіпті.
«Айғақ-ақпарат».