Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық Кеңесінің 2017 жылы 13 желтоқсанда өткен кезекті отырысында Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы — облыстың Бас мемлекеттік инспекторы А.Мамытбековтың 11 айда атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Мамытбеков өзінің баяндамасында облыс аумағында еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттың жағдайы, халықты жұмыспен қамту, ұжымдық шарттар және мемелкеттік еңбек инспекциясының ақпараттық-насихат жұмыстарына қатысты туындаған мәселелерді хабаралап, оларды шешу жолдарын қоғамдық мүшелердің назарына ұсынды. Қоғамдық кеңестің мүшелері есепті талқылап, басқарманың жұмысына оң баға берді.
Сіздердің назарларыңызға басқармада атқарылған жұмыстарының статистикалық көрсеткіштеріне жүргізілген журналистік қорытындыларын Сіздің назарыңызға ұсынамыз. 2017 жылдың 11 айында 234 жұмысшы күн құраған. Басқарманың қызметкерлері 11 айдың ішінде күн сайын 8-9 арыз тексеріп тұрған. Басқарма тарапынан күн сайын 4-5 тексеру жүргізілген. Есеп беру мерзіміне сәйкес, ҚР Еңбек Кодексінің талаптарын сақтамау фактілері бойынша 2186 өтініш түскен. Оның ішінде білім (403) және денсаулық сақтау саласы (117) бойынша өтініш саны көш бастап тұр.
Басқарма тарапынан күн сайын 5 заң бұзушылық анықталса, оны жою үшін күнде үш нұсқама беріліп отырған. Сондай-ақ, күн сайын еңбек Кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 74 082 теңге айыппұл тағайындалған. Оның 52452 теңгесі өндірілген. Өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан ай сайын 1 — 2 адам қайтыс болса, 10-11 адам зардап шеккен.
ҚР Еңбек Кодексінің талаптарын сақтау мақсатында тиісті ақпараттық насихаттау жұмыстары жүргізілген. Ай сайын БАҚ беттерінде 3 мақаладан жарияланып, 9 рет Еңбек Кодексінің заңнамаларына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.