Шымкент қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көпқабатты 11 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 558 отбасы қоныс тойын тойлауда. Нұрсәт мөлтекауданында бой көтерген 11 көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының екінші бағыты бойынша салынған. Жалпы 31,5 мың шаршы метр болатын үйлердегі 558 баспана кілті банк салымшылары мен жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтарға берілді.
Әкімшілік-іскерлік орталығында пайдалануға берілген 9 қабатты 48 пәтерлі екі тұрғын үйдің баспана кілтін ОҚО-ның әкімі Ж.Түймебаев арнайы келіп табыстап, барша тұрғындарды жаңа қоныспен құттықтады.
«Айғақ-ақпарат».