16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, жұмысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін «Нұр Отан» партиясының мүшелерін Партия хатшысы Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов марапаттады. «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен Отырар аудандық мәслихатының депутаты, «Керемет» сауда орталығының директоры Аралбай Дүйсенбекұлы Асан марапатталды.
Суретте: Отырар аудандық мәслихатының депутаты Аралбай Дүйсенбекұлы.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммедтің «Құрмет грамотасын» бірқатар азаматтарға жиын барысында арнайы тапсырды. Яғни, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын және партияның бағдарламалық мақсаттарымен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін
Суретте: Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері, «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғалымжан Айнабек;
Суретте: Қазақстан Республикасының бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов;
Суретте: Оңтүстік Қазақстан облыстық түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Латипша Асанов,
Суретте: «Кетебай» өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы, ОҚО мәслихатының депутаты Сәду Бекенов;
Суретте: жеке кәсіпкер, «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Манкеев;
Суретте: Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров;
Суретте: №41 «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі, «Тұран» БПҰ төрайымы Сәуле Тұяқбаева.