Шымкентте 24 жастағы бойжеткен және жас ана мен оның кішкентай сәбиі газдан уланып қайтыс болды.
Бойжеткен 11-інен 12 желтоқсанға қараған түні, ана мен бала 12 желтоқсанда күндіз табылған.
«12 желтоқсанда түнгі сағат 00:54-те 103 желісінің кезекші дәрігерінен Братская көшесіндегі үйлердің бірінен жас әйел адамның мәйіті табылғанын, алдын ала болжам бойынша оның газдан уланғаны туралы хабар келіп түсті», – дейді Шымкенттің газ қызметіндегілер.
Оқиға орнына келген апаттың алдын алу және салдарымен күресу тобы қауіпсіздік техникасының мүлдем сақталмағанын анықтапты.
Дереккөз: 24.kz