Солтүстік Қазақстан мен Ресейдің шекараға жақын аудандарының тұрғындары енді шекарадан оңай өте алады.
«Шекара аумағына кіретін шетел азаматтарына рұқсат қағаз беру мерзімі 7 күннен 3 күнге дейін қысқарды. Аумаққа кіретін жолдағы су шайып кеткен қалқыма көпір қайта қалпына келтіріліп, ақпарат тақталары орнатылды. Уәлиханов ауданының әкімдігі «Босагаш» шекара заставасына әкімшілік ғимарат бөлді»,-делінген ведомствоның хабарламасында.
Сонымен қатар, СҚО, Қаратерек кенті тұрғындарының сұрауы бойынша, шекарадағы өткізу пунктінің жұмысы 09:00-12:00 ден 08:00-18:00 ге дейін ұзартылды.
Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесіне сәйкес СҚО-ның шекара аудандарындағы өткізу пункттеріне барлық заманауи талаптарға сай келетін 5 модульдық пункт сатып алынды.
Дереккөз: inform.kz