Оңтүстік Қазақстан мәслихатының 2017 жылы 11 желтоқсанда өткен кезекті сессиясында облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Байлабиевке қосымша өкілеттілік берілді. Енді оған облыстық мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрауға құқық берілді. Осыған байланысты мәслихат регламентіне тиісті өзгерістер енгізіліп, мәслихат төмендегі шешімді қабылдады.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына, 9 бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы №3/37-VI «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламентінің 28-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Облыстық бюджеттің жобасы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Облыстық мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады. Оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, облыстық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, облыстық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен облыстық бюджеттің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинау мен облыстық бюджеттің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі облыстық жергілікті уәкілетті орган сессия басталуынан кемінде екі апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдармен бірге бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.
Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
«Айғақ-ақпарат».
Фото: Егемен Қазақстан