Бүгін «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалыының ғимаратында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ. Әбдірахымов партия активімен арнайы жиналыс өткізді. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясының ОҚО филиалының басшылары, облыстық басқармалар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, сонымен қатар, облыстың депутатары қатысты.
Аталған жиналыста Республикалық партия төрағасы берген тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Оңтүстік Қазақстандағы білім, денсаулық және әлеуметтік салаларына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша облыстық басқарма басшылары И.Сағындықов, М.Егізбаев және М. Отаршиев тиісті баяндамалар жасады.
Кездесу барысында Ғ. Әбдірахымов: халықты жұмыспен қамту үшін облыста шағын жəне орта бизнесті дамыту, ауылшаруашылық саласын дамыта отырып жұмыспен қамту маселесін шешу керектігіне назар аударды.