ОҚО мәслихатының депутаты, техника ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Лесбек Тәшімов «Парасат» орденімен марапатталды.
Парасат – Қазақстан Республикасының ордені. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 1993 жылы белгіленді. “Парасат” орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтарды марапаттайды.