ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне полиция полковнигі Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы тағайындалды.
Осыған дейін бұл қызметте болған полиция полковнигі Жанат Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы
1 қыркүйек 1963 жылы Шымкент облысы Сайрам ауданы Ақ-Су селосында дүниеге келген.
Ақ-Су селосының Максим Горький атындағы орта мектептің түлегі.
1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында ракеталық бөлімде әскери борышын өтеген.
1985 жылы Қарағанды қаласындағы Ішкі Істер Министрлігінің жоғарғы мектебін бітіріп, 1989 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің ИЧ-167/1 мекемесінде шұғыл бөлімнің жедел уәкілі болған.
Сонымен қатар:
— 1989-1991 жылдары Шымкент облыстық атқару комитетінің ішкі істер басқармасының жедел уәкілі;
— 1991-1992 жылдары ІІБ мамандар бөлімінің инспекторы;
— 1993-1994 жылдары Шымкент қаласының ІІБ қылмысты іздестіру бөлімінің мүліктік қылмысқа қарсы күресу бөлімшесінің жедел уәкілі;
— 1994 жылдары Мемлекеттік Тергеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының 3-бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі;
— 1996 жылдың маусым айынан қараша айының аралығында Мемлекеттік Тергеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмысты іздестіру басқармасының бандитизм және қарақшылық шабуылға қарсы күресу бөлімінің бастығы;
1996 жылдың қараша айынан 1997 жылдың маусым айы аралығында Мемлекеттік Тергеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының аса ауыр қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы;
— 1997 жылдың қараша айынан ОҚО ІІБ криминалды полиция қызметінің мүліктік қылмыстарды ашу басқармасының және қарақшылық шабуыл, тонау және алаяқтық қылмыстарын ашу бөлімінің бастығы;
— 1997 жылдан 1998 жылдың наурыз айы аралығында ОҚО ІІББ-ның криминалды полиция қызметінің Қылмысты іздестіру Басқармасының ұрлыққа қарсы күресу бөлімінің бастығы;
— 1998 жылдың наурыз айынан 2001 жылдың ақпан айының аралығында ОҚО Мақтарал ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары;
— 2001 жылдың ақпан айынан 2004 жылдың наурыз айы аралығында Кентау қалалық ІІБ бастығы;
— 2004 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың қараша айына дейін ОҚО Шымкент қаласы ІІБ 2-ПБ бастығы;
— 2005 жылы қарашадан, 2006 жылғы қыркүйекке дейін ОҚО Шымкент қаласы байауданы ІІБ бастығы;
— 2006 жылы қыркүйектен, 2009 жылғы қаңтарға дейін ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы;
— 2009 жылы қаңтардан, мамырға дейін ОҚО Мақтарал ауданы ІІБ бастығы қызметін атқарған.
— 2009 — 2011 жылдар аралығында ОҚО ІІД бастығының орынбасары болып, 2011 — 2013 жылдың қыркүйегіне дейін ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары болған.
Полиция полковнигі Дәлбеков Қайрат Сұлтанбайұлы, Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті бастығының міндетін 2013 жылдың шілде айынан бастап атқарып келеді
Жанұяда 3 бала тәрбиелеп отыр.