897

Қайрат Қожамжаров ҚР бас прокуроры болып тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Қожамжаров ҚР бас прокуроры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Парламент Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қожамжаров Қайрат Пернешұлының кандидатурасын қолдады», — делінген хабарламада

Мұның алдында Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметінде болған. Қайрат Пернешұлы Қожамжаров — 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987-1995 жылдары — Жамбыл қаласының және Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызметте болды. 1995-1997 жылдары — Қорғас кеденінде контрабандаға және кеден тәртібін бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы-тергеушісі, экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі бөлім бастығы. 1997-1998 жылдары — Қорғас кедені бастығы орынбасарының міндетін атқарушы болды. Ал 1998-1999 жылдары «Озон-Ислам» ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 1999-2001 жылдары — Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі салық полициясы комитеті бас тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, басқарма бастығының орынбасары-бөлім бастығы, басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы. 2001-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің тергеу және анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы. 2002-2004 жылдары — Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары. 2004-2007 жылдары — Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы. 2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары. 2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы. 2012-2013 жылдары — Ақмола облысының әкімі. 2013 жылғы қаңтар — 2014 жыл — Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. 2015 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы болды.

tengrinews.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!