Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры Доқтырхан Тұрлыбектің «Төрт құрдас және мен» атты кітабының тұсауы кесілді.
«Төрт құрдас және мен» кітабында 4 азаматтың өмір жолдары баяндалады. Балалық бал дәуреннің қызықты сәттерін бірге өткізіп, бірге арман әлеміне сапар шеккен адал достардың биік мақсаттарының орындалуын кітаптың авторы Доқтырхан Тұрлыбек әдемі етіп жаза білген. Бұл оқулықта елге еселі еңбек етіп жүрген «Домалақ ана» қорының президенті Алтынбек Төлепбеков, Сайрамдағы сансыз баптардың баяғы қалпында қалуына өз үлесін қосқан Ергеншов Жүрсінбай, қазақ күресінің жанашыры Сағынтай Қаратаевтардың ғұмыр жолдары баяндаған.
Жаңа кітапта баяндалған жанның бірі Алтынбек Төлепбеков. Оның аты аталғанда қазақ елі үшін руханиятымызға жасаған еңбегі еріксіз еске түседі. «Домалақ ана» кесенесін тұрғызуда сүбелі үлес қосқан азамат Бәйдібек перзентінің өмір жолы таңбаланған кітаптың тәрбиелік мәні зор. Ал, кітаптың аты айтып тұрғандай нағыз достықтың туы биік екендігі айшықталады.
Негізгі кітаптың кейіпкерлері текті азаматтар, кішкентай кездерінде бірге өсіп, армандаған достардың өміржолдары бүгінгі салтанатты кеште сахналық көріністе көрсетіліп, көпшіліктің көңіліне қуаныш ұялатты.
Ұлдархан Уәлиханқызы