«Бәйдібек-Несие » несие серіктестігінің Бас директоры Жазылбек Әбілдабекұлы Шардарбеков еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Әуезов атындағы жалы орта мектептің оқушыларына сый-сияпат жасады. «Әке көрген оқ жонар» демекші, әкесі Әбілдабек Шардарбековтың игі жолын жалғастырды. Әбілдабек Шардарбеков көзі тірісінде әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасына, ата-ананың қамқорлығынысыз қалған балаларға үнемі қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған еді. Міне, әкесінің жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өскен Жазылбек Әбілдабекұлы ісін жалғастыруда.