Кенесары ханның белдігі табылды | "Айғақ" ақпараттық порталы
photo_43109

Кенесары ханның белдігі табылды

Ресейдегі Санкт-Петербург этнографиялық музейінде қазақ ханы Кенесарының белдігі табылды. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында зерттеуші Берік Әбдіғалиұлы жазды. 1915 жылы артефактты «Алаш Орда» үкіметінің мүшесі Сейілбек Жанайдаров питерлік музейге тапсырған. Сөйтсек, экспонат сол күйі музей қорында «Ксе — пояс киргизского хана Средней Орды» деген атаумен сақталып тұр екен. «Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен музейде оны өз көзімізбен көрдік», — деп жазды ол. Әбдіғалиұлы Сейілбек Жанайдаровқа ханның белдігі атасы Жанайдар Орынбайұлынынан қалғанын түсіндірді. Ол Кенесарының әскери қолбасшыларының бірі болған. Осылайша шайқастарда ерлік көрсеткен батырға сый жасалған екен.
d9fa3536f9c6b9396ce006fffdb6475e
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!