Оңтүстікте «Құқық қорғау қызметтері орталығы» ашылды. Жаңа орталықта 11 мекеменің мамандары қызымет көрсетеді. Енді білікті сала мамандары қала тұрғындарының арыз-шағымын ақысыз түрде қарайтын болады. Ал, бұл күні орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысты.
Айта кетейік, жаңадан құрылған орталық “Нұр Отан” облыстық филиалының ғимаратында орналасқан. Мұнда қала тұрғындары прокуратура, ішкі істер әділет органдары, әкімдік қызметкерлерімен қатар қорғаушылар мен медиаторлардан кеңес ала алады. Бұл Елбасының «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» жүзінші қадамын орындау барысында ҚР Бас прокуратуратурасының және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.
Аталмыш орталықтың ашылу салатанатына арнайы қатысқан Бас проукурордың орынбасары Марат Ахметжанов қаламызда өз жұмысын бастағалы тұрған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Заманауи орталық инженерлік-техникалық қондырғылармен, электронды кезек жүйесі мен қамтамасыз етілген.
Ал, “ConnectionPoint” өзіне–өзі қызмет көрсету секторы, күту залы және т.б қажетті инфрақұралдары да бар. “Бір терезе” қағидасына негізделген тегін құқықтық қызмет көрсету орталығы сапалы жұмыс жасау принціпін негізге алады. Орталықтың басты мақсаты — азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау. Сондай-ақ мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін артыру. Бұл күні орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мұнда білікті сала мамандары жұмыс жасауы қажеттігін ескертті.
Аяжан Дәулетбай