ОҚО әкімінің Өкімімен ОҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Әбдірахман Тасыбаев Оңтүстік Қазақстан облысы Қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ә.Тасыбаев мемлекеттік қызметті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенованың ОҚО әкімінің орынбасары қызмет атқарған кезінде көмекшісі болып бастаған. Аталған министрлікте Тасыбаев басқарма басшысының қызметін атқарған. Сонымен қатар, Ә.Тасыбаев облыс әкімі және облыс мәслихат аппараттарында басшы қызметін атқарған.
2013 жылы Тасыбаев ОҚО мәслихатының сессиясында ОҚО тексеру комиссиясының мүшесі болып бекітілген. Қызмет барысында өзін білікті, беделді маман ретінде көрсетуіне байланысты облыс мәслихатының сессиясында екінші рет тексеру комиссиясының мүшесі ретінде бекітілген.