Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары М.Абдурамановтың облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиевке шығыс хатпен (13.11.2017 ж. №30-2-33/882) Жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы 10 айында жедел-қызмет жағдайы қорытындысы туралы жолдаған Анықтамасын сараптау барысында төмендегі деректер анықталды.
2017 жылдың 10 айында облыста 26 525 қылмыс саны орын алса, облыс аумағында шамамен күн сайын 87 қылмыс орын алғандығы анықталды.
Соның ішінде:
Ай сайын 13 аса ауыр қылмыстар жасалуда;
Облыста күн сайын 6 ауыр қылмыс орын алуда;
Күнделікті 2 адам тоналып отыр;
Ай сайын 4 адам бопсалауға ұшыраған;
Ай сайын 13 қыз-келіншектер зорлау оқиғасына тап болған;
Күнделікті 3 адам бұзақылыққа тап болған;
Күн сайын 48 адамның мүлкі ұрланған;
Әр күн сайын 10 адамның пәтері тоналған;
3 адамның малы күн сайын барымталанып отырған;
Күн сайын облыстың 8 тұрғыны алаяқтарға алданған.
Айғақ.