Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары М.Абдурамановтың облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиевке шығыс хатпен (13.11.2017 ж. №30-2-33/882) Жергілікті полиция қызметінің 2017 жылғы 10 айында жедел-қызмет жағдайы қорытындысы туралы жолдаған Анықтамасын сараптау барысында төмендегі анықталды.
2017 жылдың 10 айында жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында орын алған зорлау деректері 21,5 пайызға төмендеген. 2016 жылы зорлауға қатысты 172 қылмыс тіркелсе, 2017 жылы 135 қылмыс орын алған. Яғни, облыс аумағында ай сайын зорлау бойынша 13-14 қылмыс жасалып отырған.
Аталған қылмыстың қылмыстық жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 120-бабында көрсетілген
120-бап. Зорлау
- Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау –
үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;
3) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соққан;
4) бірнеше рет жасалған зорлау –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса;
2) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;
3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;
5) кәмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге де адам жасаса;
6) қылмыстық топ жасаса –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып немесе онсыз, ал 5) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.