Мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нұрлан Бекназаров Ұлт Көшбасшысының курстасы Аманәлі Әбдірамановтың үйіне барып, аталған мерекемен құттықтады.
Нұрлан Бекназаров құттықтау барысында біздің саяси идеалымыз – Елбасы екенін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Тәуелсіздікке қол жеткізумен Қазақстан табыстарының дүниежүзінде танылуы – Елбасының ерен еңбегі екендігін атап өтті. Елбасы Қазақстанның стратегиялық мақсаттарын белгілеп қана қоймай, оларға қол жеткізудің жағдайында жасады.
Анықтама: КСРО-ның Құрметті металургы, Шымкент қаласы мен ОҚО-ның Құрметті азаматы Аманәлі Әбдіраманов Елбасының курстасы. Украина мемлекетінің Днепродзержинск қаласында №8 техникалық училищесінде Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге білім алған.
Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Аманәлі Әбдіраманов, Нұрсұлтан Әбішұлы өз тобында ғана емес, оқу орнындағы ең үздік студенттің бірі болғанын, Елбасымен бірге жүріп, бірге тұрған кездерін еске алды.
Осылайша Елбасымен өткен күндеріне шолу жасаған Аманәлі Әбдіраманов Мемлекет басшысына және мемлекеттік мереке қарсаңында құттықтай келген халық қалаулыларына ризашылығы мен ақ батасын берді.
Мақсат Тоқсанбай