Бүгін Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ның мәдениет орталығының кіші залында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлерінің ХХХV Тұрақты Кеңесі отырысының және «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына арналған іс-шаралардың орындалуы бойынша лауазымды адамдардың есебін тыңдауда. Сонымен қатар, киелі шаһардағы елдік шараларға өзі тікелей қатысады. Министр қатысатын іс-шаралардың бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз!
БАҒДАРЛАМА
2017 жылғы 5 желтоқсан
10.00-11.00 | — | «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымына мүше Мәдениет министрлерінің ХХХV Тұрақты Кеңесі отырысының ашылу рәсімі (Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Мәдениет орталығы, кіші зал) |
11.30-12.30 | — | «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымына мүше Мәдениет
министрлерінің ХХХV Тұрақты Кеңесі отырысының жалғасы
|
12.30-14.00
14.00-14-30
14.30-15-00
15.00-15.30 |
—
—
—
— |
«Түркі бағы» гүлзарының ашылу салтанаты
Қонақтардың Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тамашалауы
Қолөнер орталығында «ТҮРКСОЙ» бейнелеу өнері көрмесін тамашалау Бейнелеу өнері бойынша «ТҮРКСОЙ» халықаралық сыйлығын тапсыру Түркістан тарихи, мәдени-этнографиялық орталығын аралау
|
15.45-16.30 | — | «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымына мүше Мәдениет министрлерінің ХХХV Тұрақты Кеңесі отырысының жабылуы
— Қорытынды құжатқа қол қою — Баспасөз конференциясы — Жалпы суретке түсу
|
16.30-17.50
|
— | «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының жабылуына арналған Гала-концерт
(Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Мәдениет орталығы, үлкен зал)
|
18.00-19.20 | — | Ресми қонақтардың Шымкент қаласына жолға шығуы |
6 желтоқсан, сәрсенбі
17.00-18.30 | — | «Түркістан» сарайында шет елдерден келген өнер ұжымдары мен әншілердің концерті |