ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде бірнеше өнеркәсіп орындарының де тыныс-тіршілігімен танысты. Еліміздегі берекелі бағдарламаның бірі «Өрлеу» жобасына сүйеніп, кәсібін дөңгелетіп жүрген іскер азаматтардың да жұмысын бағамдады.
2008 жылы іске қосылған «Ордабасы нан» өнеркәсібінің жұмысы жүйелі. Тәулігіне 450 тонна бидай өндейді, оның 75 пайызы ұн. Мұнда 98 азамат жұмыспен қамтылған. Өндірілген өнімнің басым бөлігі, Ауғанстан, Тәжікстан сынды шетелдерге экпорталады екен. Күндіз түні технологиялары тоқтаусыз жұмыс істейтін өнеркәсіп, ас атасын арттыруды көздейді. Алайда алып цехты мазалайтын қазіргі мәселе, тасымалдаушы вагондардың жайы көрінеді.
Өнеркәсіп орнының тыныс-тіршілгімен танысқан аймақ басшысы зауыт қызметкерлерінің түйіткілдеріне де құлақ асты.
Ал «Миграж-Б» кешені бір мезетте, 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға қауһарлы. 2 азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған шағын өнеркәсіп 70 тонна ет өндіруді жоспарлап отыр.
Аймақ басшысы аялдаған келесін нысан «Нұр Агро» ЖШС. Өнеркәсіп жылына 30 000 тонна мақта өңдейді. Дайындалған мақта талшықтары Чехия, Белоруссия, Молдаваға жөнелтіледі екен. Жалпы облыс көлемінде Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандары мен Иханнан ақ мақта қабылданады.
Өңірде кәсібін тауып, нәсібін көріп жүрген іскер азаматтар жетерлік. Бұған елімізде жүзеге асып жатқан берекелі бағдарламалар себеп. «Ауыл шараушылығын қаржылай қолдау қорына жүгініп, 2 млн. теңге несие алып, тұрмысын түзеткендерді бірі Утеев Ермекбай. 6 гектар аумақты жылыжайында қияр, қызанақ көкөністер көптеп өсірілуде. Келесі жылы өнім көлемін арттырамын деп отыр жылыжай иесі.
Қоғамда әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтардың тұрмыс жағдайын көтеруге және олардың өзін-өзі қамтамасыз еуіне Өрлеу мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асты. Оған ай сайынғы табысы елдегі белгіленген ең төмен күн көріс мөлшерінен 60 пайыз төмен болатын жұмыскерлер ғана қатысушы бола алады. Бұл бағдарламаға жүгініп, берекелі жұмысын бастаған азаматтардың кәсібімен аймақ басшысы арнайы танысты. Кіші кәсіптің иелері ағаш, қолөнер бұйымдарын сатылымға шығарып, ісін өркендетуде.
Жансейіт Түймебаевтың Ордабасы ауданындағы тындырымды тірліктерге көз жетікізді. Жүйелі жұмысқа оң бағасын берді. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстарға да нақты тапсырмаларын жүктеді.
Айзада Бидан