Шымкент қаласында Ресейдің белгілі «Детский мир» сауда белгісінің тағы бір сауда нүктесі өз жұмысын бастады. Тек қана балалар үшін сапалы киім-кешектер мен тағамдар және ойыншықтардың түр-түрін ұсынатын әйгілі бренд Шымкенттегі ірі «Гипер Хаус» сауда орталығында ашылып отыр. Ендігі жерде балаларға арналған кез-келген жоғары сападағы тауар түрлерін сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан балалар әлемінен таба аласыздар. Айта кету керек, Ресейдің «Детский мир» сауда белгісімен ашылып отырған бұл қаламыздағы үшінші дүкен.
Қала тұрғындарына 10 жылға жуық уақыттан бері сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан «Гипер Хаус» шаһарымыздағы ірі сауда орталықтарының бірі саналады. Жалпы аумағы 10 мың 500 шаршы метр аумақты алып жатқан кешенде шамамен 90-ға тарта сауда нүктелері болса, мұнда 400-ге жуық азамат жұмыс жасайды. Осы орайда қала тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналып үлгерген сауда орталығында енді Ресейдің белгілі «Детский мир» сауда белгісі өз нүктесін ашып отыр. Тек қана балалар үшін сапалы киім-кешектер мен тағамдар және ойыншықтардың түр-түрін ұсынатын әйгілі брендтің тауарларын іздесеңіз енді оны «Гипер Хаус» сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан балалар әлемінен таба аласыз.
ТМД елдері бойынша 500-ден астам сауда желісі бар «Детский мир» сауда белгісі өзінің тағы бір нүктесін ашуға осылайша «Гипер Хаус» сауда орталығын таңдап алған. Себебі, Ресейлік әйгілі бренд үшін аталмыш сауда орталығы тиісті талаптарға сай келіпті. Осы орайда жоғары сападағы балалар тауарларын ұсынушы компания үшін сауда орталығынан жалпы аумағы 1200 шаршы метрге жуық орын берілген. Ендігі жерде жаңа туылған нәрестеден бастап 12 жасқа дейінгі балаларға қажетті кез –келген тауар түрлерін Шымкент қаласының тұрғындары нақ осы кең аумақты алып жатқан балалар әлемінен таба алады. Ал мұнда әрбір келушіге жоғары дәрежедегі қызмет ұсынылса бағалар да қалтаға қонымды болмақ. Осылай деген «Детский мир» компаниясының өкілдері барша қала тұрғындарын келіп сауда жасауға шақырады.
«Гипер Хаус» сауда орталығында ашылған «Детский мир» тауарларын сатып алуға келіп жатқан тұрғындардың да бүгінде қарасы қалың. Себебі мұндағы заттардың сапасы жоғары әрі ұсынылатын тауарлар 100 пайыз Ресейде жасалған. Міне осындай артықшылықтарға ие компанияның өнімдерін «Гипер Хаус» сауда орталығының үшінші қабатынан таба аласыз. Айта кету керек Ресейдің әйгілі «Детский мир» сауда белгісі ашып отырған бұл қаламыздағы үшінші дүкен болып табылады.
Абай Омар