«Нұр Отан» Партиясының ОҚОФ-ның өкілдері Тұңғыш Президент күніне арнап қайырымдылық акциясын өткізді. Қаламыздағы қамкөңіл жандардың аналарын мерейлі мерекемен құттықтап, тұрмысқа қажетті заттар және азын аулақ азық-түлікпен қамтамасыз етті. Мұндағы мақсат, жарнама жасап мадаққа бөлену емес. Қалталы азаматтарды қайырымды болуға шақыру. Өйткені көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, әр азаматтың адамгершілік парызы. Көшбасшы партия аяулы аналардың талап-тілектеріне де құлақ асты.
Тұрғындар тарапынан қойылған өтініштердің басым бөлігі, мүгедек жандардың қоғамдық автокөліктерде жүріп-тұруы оңайға соқпайтын көрінеді. Бұған қоғамда әлсіз топтағы азаматтарға тиісті жағдайдың жасалынбағаны себеп. Өз кезегінде жетекші партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов бұл түйткілдердің шешімін табу жолында жүйелі жұмыстар жүргізілетін айтты.
Айзада Бидан