Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына пайдалануға берілді. Аталған нысанның қосымша ғимаратының ашылу рәсімінде Жансейіт Қансейітұлы келіп, барша медицина саласы қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта жұмыстарына табыс тіледі.
Бүгінде елімізде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жасалуда. Бұл сөзімізге дәлел ретінде аталған аурухананы алуымызға болады. Қазіргі таңда 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпустары пайдалануға берілді. Жаңа корпус 2 жылда салынып, іске қосылып отыр. Бұл ғимараттың бірінші қабатында әкімшілік, қабылдау және зертханалық-диагностикалық бөлімдері орналасса, екінші қабатында палаталар мен реанимациялар бөлім, ал үшінші қабатында 7 блоктан тұратын ота жасау бөлімі орналастырылған.
Алдағы уақытта Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы қала және облыс халқына тәулік бойы хирургия, жарақат, урология, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық салалар бойынша медициналық көмек көрсететін болады.