Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ордабасы ауданы тұрғындары баспанаға қол жеткізді. Темірлан ауылындағы екі пәтерлі 14 коммуналды үйдің кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтің өз табыстады. Аймақ басшысы аталған ауданға жасаған іс-сапарында Қарсыбай Спатаев ауылындағы су жүйесін де іске қосып, жергілікті тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Темірлан ауылының тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Қақаған қыс ауасында жылдар бойы армандап күткен баспаналарына қол жеткізіп отыр.
Пәтерге қол жеткізіп қуанышы еселенгендердің бірі Ештаевтар отбасы.Үйдің отағасы Данияр Ештаев 7 перзенттің әкесі. Екінші топтағы мүгедек азамат бүгінге дейін жеке баспанасы болмағанын айтады.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген тұрғын үйлерге облыстық бюджеттен 342 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ауданда барлығы 30 коммуналдық баспана бар. Әр шаршы метрі 50 теңгеден есептелгенде баспанға тұрғындар айына 3500 теңгеден төлейді екен. Алайда бұл пәтерлер әлуеметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға, әлсіз топтағы азаматтар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қарастырылған.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ордабасы тағы да бір қуаныш орын алды. Яғни, Қарсыбай Спатаев ауылында су жүйесі іске қосылды. Енді ауылдағы 136 отбасы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.
Қазіргі таңда Ордабасы ауданының тұрғындары 87 пайызға ауыз сумен қамтылған. Енді 2020-2021 жылдары елдімекен тұрғындарын 100 пайызға толықтай қамту көзделіп отыр.
Айзада Бидан