Бүгін түнде Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында тұрғын үйде өрт шықты. Өрт салдарынан үш бала оқиға орнында қаза болды. Ал 35 жастағы ер азаматтың денесі 18 % күйік шалып, аудандық аруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ОҚО ТЖД мемелкеттік тіл және ақпарат тобы.
Оқиға түнгі 02.53-те орын алған. Өрт сағат 03.39-да оқшауланып, 03.48-де толығымен сөндірілді. 250 шаршы метрге жайылған өртті жоюға ТЖД «ОСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамды 11 адам, 3 бірлік техника жұмылдырылған.
Денесін күйік шалып, қайтыс болған балалардың үлкені 12 жаста болса, қалған екеуі 11 және 6 жаста болған.