Құқық қорғау жүйесін жаңадан қалыптастыру, қылмыстық процесті реформалау. «100-нақты қадам» — Ұлт жоспарында көрестілген «Заңның үстемдігін қаматамасыз ету» деп аталатын екінші реформа 19 қадамды қамтиды және сот жүйесімен құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруге, ондағы ашықтықты есеп беруге міндеттілікті арттыруға және олардың қатарында жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған. Сондықтан ҚР –ның Бас прокуратурасымен «Азаматтардың мүддесіне қатысты қылмыстық процесті оңтайландыру іске аспақ. Дәл осы бағытта облыс прокурорлары алғаш болып Арыс қаласында пилоттық жобаны қолға алды. Мақсаттың ең бастысы азаматтардың құқығын қорғау. Осы қылмыстық процесті оңтайландыру жобасының мақсатын Арыс қаласында іске асуы туралы облыс прокурорының орынбасары Әбіл Қожахметов мәлімдеді. Жұмыс бойынша «Айғақ» телеарнасының түсірілімі сіздердің назарларыңызға ұсынып отыр.
Жомарт Бегімбет