Шымкент қаласында ауруханада тізімде тұрған науқас балаларды емдеуіне қаражат жинау үшін «Қайырымдылық — қайырлы іс» атты акция өткізілді. Акция ОҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратында өтті. Аталған іс-шараға облыстың шағын және орта кәсіпкерлердің өкілдері, жеке кәсіпкерлер, мекеме мен ұйымдардың басшылары және Оңтүстік қазақстан облысының мәслихат депутаттары қатысты. Акцияда қолма-қол 4 млн 589 мың 100 теңге қаражат жиылған. Акцияға қатысқан облыс мәслихатының депутаты облыстық мәслихатының бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Әбілқасым Үсіпбайұлы Досболов балаларды емдеу үшін қолма-қол 1 млн теңге қаражатты қайырымдылық қорына берді. Депутат Досболовтың қаржы көмегі қайырымдылыққа түскен қаражаттың 24%-ын құрайды. Қайырымдылық акциясына елеулі көмек көрсеткені үшін Досболовқа акцияға қатысқандардың тарапынан алғысқа ие болып, науқас балалардың ата-аналары Әбілқасым Үсіпбайұлына рахметін жеткізді.
Жомарт Бегімбет