aa8

Оңтүстікқазақстандық делегация ҚР Президентінің туған ауылында

ҚР Тұңғыш Президентінің туған ауылына іс-сапармен жолға шыққан оңтүстікқазақстандық делегация кешқұрым Алматы облысы, Қарасай ауданына келіп жетті. Елбасының курстасы, еліміздегі ерекше адам, Қазақсан халқы Ассамблеясының мүшелерінен құралған телеарнаның шығармашылық тобы мұнда Қарасай аудандық тарихи-өлкетану мұражайына арнайы бас сұғып, Елбасының балалық шағы мен өмір жолынан мол мағлұматқа қанық болды.

aa8

Музейде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағынан, жігіттік дәуірінен, қайраткер басшы болған кезеңінен елес беретін фотосуреттер мен экспонаттар да арнайы залдарда орын алған. Осы залдар ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2000, 2002 жылдары өзімен бірге алып келген және де Президенттің жеке қорынан алынған экспонаттармен, фотосуреттермен толықтырылған. Осы залдағы үлкен экспозициямыз Нұрсұлтан Әбішұлының әулетіне арналады. Стендте Әбіш Назарбайұлының портреті ілінген. Стендте Нұрсұлтанның анасымен  1962 жылы түскен портреті ілінген.

_lzhan-ana

aa9

 


Айта кетейік, музейдің залдары мен бөлімдері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне және үш мың жылдық тарихы бар Қарасай жеріне арналған. Музейде Елбасының балалық шағынан, жігіттік дәуірінен, қайраткер басшы болған кезеңінен елес беретін фотосуреттер мен экспонаттар да арнайы залдарда орын алған. Міне, осындай тарихи орынға аялдап, құнды бағдарлама әзірлеу мақсатында жолға шыққан топ жетекшісі облыстық мәслиxаттың депутаты, ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш.

sheshen-ata

sheshen-1

Тағы бір айты кетерлігі, топ мүшелерінің басым бөлігі бұл тарихи орынға тұңғыш рет келіп отыр. Мәселен, Қазақстандағы ең ұзын адам Қалдыбай Атажанов 2005 жылы Елбасымен кездескен екен. Енді міне сәтін салып ҚР Тұңғыш Президентінің туған ауылына келіп, мұражайын аралау бақыты бұйырыпты.

«Айғақ-ақпарат».




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!