2017-11-28-photo-00000004

Мақсаты биік жоба

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай, көзі қарақты көрермен үшін тың әрі құнды бағдарлама әзірлеу мақсатында Шымкенттен жолға шыққан  «Айғақ» телеарнасының шығармашылық тобы Жамбыл облысының территориясын басып өтіп, Алматы облысының шекарасына келіп жетті.

2017-11-28-photo-00000006

Араға біраз уақыт салып Алматы облысы, Қарасай ауданындағы  Қарасай аудандық тариxи-өлкетану мұражайына да келіп жетіп, түсірілім жасайды деп күтілуде.

Шығармашылық топ жетекшісі облыстық мәслиxаттың депутаты, ОҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дулат Әбіш. Топ құрамында Елбасының курстасы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Марат Қыстаубаев, еліміздегі ең ұзын адам Қалдыбай Атажанов, ОҚО шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің  мүшесі Хасан Бациев, ҚР өзбектері “Дустлик” қауымдастығы төрағасының орынбасары Усманәлі Қадыров, жазушы-фантаст Сарманбай Исақов, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы Абзал Әділбеков пен ұстаз Жұмаxан Керімбековтер бар. Және түсірілім топ пен жас блогер Лаура Серікбай да топ құрамында.

«Айғақ-ақпарат».

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!