Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарға тағзым жасалынды. Яғни, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс-фашистерінің тұтқынына түсіп, нацистік, концентрациялық лагерінде жаумен арпалысқан Қызыл әскер қатарындағы жауынгерлердің есімі ұлықталды.
Жалпы, Қазақстан соғыс жылдарында Қызыл әскерге 1,2 млн адам жіберіп, олардың әрбір екіншісі соғыста қаза тапса, 200 мыңы тұтқынға түскен. Осы ретте Шымкент өңірлік мемлекеттік архиві “Тамұқтан тірі қайтқандар” атты жинақты басып шығарды. Кітапта екінші дүниежүзілік соғыста Оңтүстік Қазақстан облысынан майдан даласына шақыртылған жауынгерлердің басынан кешкен қиындықтары, соғыс жылдарынан кейінгі өмір жолының қалыптасуы баяндалады.
Аяжан Дәулетбай