01214y-still001

Оңтүстіктегі тарихи оқу орнына — 80 жыл

Оңтүстіктегі оқу ордасының қара шаңырағы педагогикалық институтқа – 80 жыл! 1937 жылы іргетасы қаланған киелі білім ордасы талай шәкіртті қанаттандырып, ұлағатты ұстаз жолына жол сілтеген болатын. 80 жылдан бері көкжиегін кеңейтіп, мәртебесін биіктеткен институт енді бұдан былай университет деген статусқа ие.  Оқу ордасының ұжымы 80 жылдық мерейлі датасын үш күн бойына тойлап, қорытынды салтанатты жиынды Түркістан салтанат сарайында өткізді. Басқосуға еліміздің әр түкпірінде жүрген елеулі тұлғалар мен студенттер шақырту алған. Мерекелік мәжілісте алғаш болып сөз алған филология ғылымдарының докторы, профессор, облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ұстаздар ұстаханасына айналған ұжымды құттықтап, қуанышына ортақтасты.

0014ye-still001

Өңір басшысы жоғарғы оқу ордасының басшысы Оңалбай Аяшевке институттың университет статусына ие болғанын растайтын Үкіметтің қаулысын табыс етіп, сосын бірнеше азаматты марапаттады. Олардың қатарында  ғұмырын білім саласына арнап, еңбек еткен ұлағатты тұлғалар бар. Біріне облысқа сіңірген еңбегі үшін медаль тақса, бірі облыс әкімінің грамотасын иеленді.

1937 жылы Оңтүстіктегі бірінші ашылған екі жылдық мұғалімдер институтынының атауы талай өзгерді. Мәселен, 1954 жылы Шымкент педагогикалық институты болса, 1993 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің құрамында болды. Ал, 2011 жылы ОҚМПИ болып қайта ашылған болатын. Міне, шежірелі шаңырақ енді университет деген статусқа ие болып отыр. 80 жылдық тарихы бар оқу ордасын ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астанадан арнайы келіп құттықтап, Елбасының құттықтауын жеткізді.

002680-still001

Бүгінде 3800 — ден астам студенті бар оқу ордасында 280-дей ұстаз қызмет етеді. Сол ұлағатты мамандық иелерінің басым көпшілігі мерекелік жиында марапатқа бөленді. Білім және ғылым министрі талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан профессор, доктор, ғылым саласындағы үздіктерді Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі және еңбек ардагері медалімен марапаттады. Еңбегі бағаланғандардың көпшілігі дәл осы институт қабырғасында білім алған түлектер.

0129ol-still001Ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы бас иеді. Ықылым заманнан бері бұл саланың біліктілері әрқашан жоғарғы құрметке ие. Саналы ғұмырын білім саласына арнайтын мамандық иелерін дайындап жүрген оқу ордасының тарихы шежірелі бір том. 80 жылдығының 55 жылы Кеңестік дәуірде өтті. Бұл институтта білім алған түлектер бүгінде сан салада қызмет етеді. Бірі ақын болып елге танылса, енді бірі еліміздің экономикасының өсуіне үлес қосқан белгілі азаматтар.  Қара шаңыраққа 2011 жылы ректор болып келген Оңалбай Аяшев тарихтың өткені мен бүгінін түгендеп, әсерлі баяндама жасады.

Өңіріміздегі ең алғашқы жоғарғы оқу ордасының түлектері дәл осы күні ерекше қуанышқа бөленді. Яғни осыдан бірнеше жылдар бұрынғы түлектер ОҚМПИ 80 жыл медалін тағып, кеуделерін мақтаныш кернеді.

Университет статусын иемденген оқу ордасы биылғы жылдың өзінде көптеген жетістікті бағындырды. Білім беру үрдісі заманның талабына сай кредиттік технологиясына көшіп, аудиториялар жаңартылған болатын. 12 қабатты жатақханасы бар білім ордасының мерейлі мерекесіне Парламенттің Мәжіліс және Сенатындағы депутаттар да арнайы келіп, құттықтауын жеткізді.

sequence-01-still001

80 жылдық тарихы бар Оңтүстіктегі жоғарғы оқу ордасы бүгінге дейін мыңдаған ұстаздарды тәрбиелеген екен. Олардың арасында өзгеде қызметке кеткендер қаншама. Міне, сол түлектер бас қосқан салтанатты жиында өткен күндердің қызығы мен шыжығы айтылып, естеліктер еске түсті.

80 жыл. Әрине аз уақыт емес. Бір ғасырға жуық ізденімпаз жастарға жол сілтеп, үлкен өмірге жолдама сыйлап келе жатқан қара шаңырақ оқу орнын мерейлі қуанышымен бізде құттықтап, білім саласына қосар үлестеріңіз еселене берсін демекпіз.

Бағлан Байкөбекқызы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!