20171102_110358

Артур Әбдіразақов 50 жаста — ел ағасы, ердің жасы

Қазіргі таңда Әбдіразақов Артур Өтетілеуұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ОҚО филиалының директоры лауазымын жемісті атқарудасыз.

Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп,  тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде достарыңыз, әріптестеріңіз сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет-ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз.
Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Қоғамымыз осындай, Артур Өтетілеуұлы сияқты азаматтармен, ел жағдайына, мемлекетіміздің өркендеуіне жанашыр тұлғалармен қуатты. Жалынды жастық шағымызды бірге бастаған, өмір қазанында бірге қайнап, үзеңгілес келе жатқан, бүгінде егемен еліміздің қайраткері дәрежесіне көтерілген Артур Өтетілеуұлы өзінің отаншыл дүниетанымымен, қоғам дамуына біліктілікпен, білімділікпен белсенді араласып, ортамызды толтырып жүргені де рухани байлығымыз.

Арекеңнің қазақ елінің азаматы ретіндегі және бір қасиеті – ол кісі нағыз патриот.

Артур Өтетілеуұлы парасатты, отаншыл азамат. Ол бар білімін, тәжірибесін ұжымның мүддесін қорғауға арнаған, облыс тұрғындарының денсаулығын нығайтуға күш жігерін аямай жұмсап жүрген, әріптесіне сенімді, достыққа адал, ағайын-туысқа қамқоршы, асқар таудай ата, абзал әке, көңілі дариядай, дастарханы мол, үлгілі жанұяның, үлкен әулеттің басшысы.

Артур Өтетілеуұлы өмірлік серігі Светлана екеуі ұлдар, немерелер тәрбиелеп, үлгілі, бақытты отбасын құрып отыр.

Тағдырдың жазуымен Артур Өтетілеуұлы секілді абыройлы азаматпен танысып, білісіп, әріптес, сыйлас, қанаттас болғанын біздің өмірдегі үлкен табыстарымыз деп білеміз.

Достары мен әріптестері

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!