Жуырда Челябинскіде өткен өңіраралық форумда Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізілді. Келісім нәтижесі бойынша ғарыш айлағына жалға берілген 11 мың 600 гектар жер Қазақстанға қайтарылды.
Байқоңыр маңындағы Төретам мен Ақай елдім екенінде 15 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Енді ауылдықтардың жеке үй салып, шаруашылықпен айналысып, кәсіп ашуларына қосымша мүмкіндік туып отыр. Жалдан шығарылған аумаққа енді инфрақұрылым жеткізу жұмыстары басталады.
Бақытбек Бекпанов, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы:
— Сонымен бірге облыс әкімдігі бұнымен шектелмей қазіргі уақытта қосымша 3300 га жер көлемін жалдан шығару бойынша координаттарын нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құжаттар дайын болғаннан кейін бұл да қол қоюға ұсынылатын болады.
Жақсылық Қыпшақбайұлы, Ақай ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
— Біздің Ақай ауылында 5500-ге жуық халық бар. Оның 2 мың жиырмасы жер кезегінде тұр. Сол сияқты көршілес Төретамға, қалаға шамамен 7-10 мыңға жуық жер телімі керек. Сол жер телімі берілгеніне қуаныштымыз.
Дереккөз: 24.kz