«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының басшысы Ерлан Қариннің бұйрығымен «Jambyl» телеарнасына басшы болып Жасұлан Әбдіманапов тағайындалды.
Ол 2003 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасына жұмысқа қабылданып, редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарған. Одан бөлек, «Қазақстан» ұлттық арнасының, «Хабар» агенттігінің Жамбыл облыстағы меншікті тілшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, «Нұр Отан» партиясы орталық аппарат басшысының баспасөз жетекшісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс жөніндегі басқарма басшысы лауазымдарында болып, тәжірибе жинақтады.
Жасұлан Лесбекұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жұмысыңызға сәттілік тілейміз!