Дариға Назарбаева бастаған Халықаралық қатынастар, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі жиыны Қорғаныс Министрлігінде өтті.
Қарулы Күштер бас штабы басшысының орынбасары Руслан Шпекбаевтың айтуынша, құжатқа алғаш рет күрестің «гибридті әдістер», «соғыстық емес құралдар» және «ішкі қарулы қақтығыс» сияқты ұғымдар енгізілген. Сонымен қатар жиында әскери құрылымдарды қолдану, киберқауіпсіздікті арттыру, материалды-техникалық қамтамасыз ету және Қазақстанның бітімгершілік қызметтерге араласуы жайында сөз болды. Бірлескен кешенді жұмыстар алдағы уақытта әскерилерді заманауи қару-жарақ және қажетті техникамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Ол үшін заңға өзгеріс енгізіп, тиісті мемлекеттік органдармен жұмыстар жүргізілуі тиіс» – деді Дариға Назарбаева.
Дереккөз: 24.kz