Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 43 пайызға өскен.
Негізінен қасақана кісі өлтіру және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық жасау сияқты қылмыстық әрекеттердің жиілей түскені байқалады. Аймақта жыл басынан бері осындай жаға ұстатарлық 75 оқиға тіркелген. «Бұл жұмыссыздықтан және ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен туындап отырған жағдай», – дейді өңір прокурорлары.
Данияр Мухияев, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі:
– Мұндай адамдармен жұмыс істеу керек. Оған біздің қоғам да көмектесуі қажет. Ішкі істер бөліміне дер кезінде хабарлау керек. Қоғамның көмегімен осындай адамдарды тауып, қылмыстық іс қозғап, ары қарай сотқа жолдай аламыз.
Дереккөз: 24.kz