Оған Ауғанстан, Ирак, Украина мен таулы Карабахтағы ахуал дәлел болып отыр. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының үшінші отырысында айтты. Жыл санап мәні мен мағынасы артып келе жатқан жиынға Түркия мен Чехия және Словенияның экс-президенттері, сонымен қатар әлемнің жетекші сарапшылары, белгілі саясаткерлері қатысты. Осы орайда Елбасы Жаһандық көші-қон процесін түбегейлі қайта ойластыру қажеттігін жеткізді. Себебі қарулы қақтығыс салдарынан адамдар жаппай қоныс аударуға мәжбүр.
Нәтижесінде бұл жайт әлеуметтік шиеленіске әкеліп, қылмыс пен жұмыссыздықтың артуына себеп болады. Таяу Шығыс пен Африка елінің босқындары бүгінде Еуропаны басып әлеуметтік саяси дағдарыс туындатқан.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Бақылаусыз жаһандық көші-қон да алаңдатпай қоймайды. Көші-қон процесі түбегейлі қайта ойластыруды талап етеді. Адамзат баласының бүкіл тарихында дәл мұндай айта қоярлықтай демографиялық дисбаланс байқалған емес. Егер дамыған елдердегі халық саны 1 млрд адамды құраса, ал дамушы елдердің халық саны 6,5 млрд адам. Соңғы 25 жылда халықаралық көші-қон саны 2 есеге ұлғайып, бүгінде 250 млн адамға жетіп отыр. Бұған қоса Халықаралық валюта қорының мәліметінше, дамыған елдердегі көші-қон үлесі 5 пайыздан 10 пайызға дейін артқан. Оның ішінде шамамен 66 миллионы – босқындар және заңсыз көшіп-қонушылар.
Дереккөз: 24.kz