Кейін бұл көрсеткіш тағы ұлғаяды. Үкімет қазір субсидиялаудан ұзақ мерзімді несие беру үдерісіне кезең-кезеңімен көшуді бастап кетті.
Жылдың басында 65 субсидия түрінің 11-і қысқартылды. Мамандар тарапынан биылғы бидай сапасының жоғары екені де айтылды. Жоспарға сай, алдағы уақытта оның 8 миллион тоннасы шетелге экспортталады. Ауылшаруашылығы саласындағы тағы бір өзекті мәселе қолданыстағы комбайн, тракторлардың тозығы жеткен.
Яғни көлік паркін толық жаңарту қажет. Ол үшін алдағы 4 жылға 217 миллиард теңге бөлініп, отандық техникаларды сатып алуға жұмсалады. «Мәселен, бір комбайнның бағасы 44 миллион теңге болса, оның 10 миллионын мемлекет төлеп, қалғанын қожалық иесі өтейді», – дейді мамандар.
Жалпы еліміздің ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасындағы бұл маңызды міндеттерге қазынадан қыруар қаржы қаралуы қажет.
Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
– Өткен жылы бидайдың сапасы 44 пайыз болатын. Қазір 60-65 пайыз. Өте жоғары. Оның ішінде кликавинасы 25 одан биіктеу. Қазақстанның бидайы 1,7 есеге жоғары. 8 млн тонна шетелге шығарамыз. Иранға, Ауғанстанға жібереміз. Осы жылы қосымша Италияға 200 тонна бидай шығарылды.
Дереккөз: 24.kz