15 қараша — қаржыгерлер және Ұлттық валюта күні. Дәл осы күнді таңдау кездейсоқ емес. Оған себеп 1993 жылдың 15-қарашасы күні ұлттық теңгеміз айналымға енген болатын. Ескі ақшаны Қазақстанның тарихи тұлғалары Әл-Фараби, Сүйінбай, Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңгеге ауыстырды. Ал, 1997 жылдан бастап қаржыгерлер өздерінің кәсіби мерекесін тойлауды бастап кетті. Айтулы дата қарсаңында біздің арнаның тілшілері қаржы саласында жүрген мамандарды сөзге тартып, жұмысын көзбен көріп қайтты.