Облысымыздың бірқатар ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері өңірімізде шығатын отандық өнімдермен танысты.
Елбасының бағдарламалық мақаласы негізінде “Рухани жаңғыру: береке басы — бірлік” тақырыбы аясында ұйымдастырылған іс-шарада аға буын өкілдері «Оңтүстік» индустриалды аймағын аралап көрді.
Онда шығарылып жатқан отандық өнімнің сапасына жоғарғы сапа берді. Өйткені соңғы технологияларды пайдалану негізінде жасалынатын дүниелер тұтынушылардың үлкен сұранысына ие.
Аяжан Дәулетбай