Оңай әрі жылдам қызмет ал! Енді үйден шықпай- ақ, бір реттік пароль арқылы 2 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Ол үшін www. egov.кz порталына кіріп, өзіңізге қажетті 30 қызметті бір жолғы жасырын сөз арқылы ала аласыз! Немесе memқызмет.кz сайты мен мобильдік қосымшасын іске қосуыңызға болады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Осыған байланысты, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, электронды жүйені білім беру ордаларынан бастап халық арасында кеңінен насихаттап келеді. Қазіргі таңда өңірімізде мемлекеттік қызметтің 1300 түрі тұрғындарға ұсынылады екен. Оның 150-ден астамы электронды түріне көшкен.
Айзада Бидан