Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылындағы Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебіне биыл 50 жыл. Осы айтулы датаға орай білім ұясында салтанатты шара ұйымдастырылды.
Суретші әрі таэквондодан 6 дан иегері Бексейіт Әбдезұлының есімін иеленген білім ұсында елімізге есімі танымал тұлғалар білім алған. Олардың қатарына Мемлекет және қоғам қайраткері, ОҚО Құрметті азаматы Халық Абдуллаев, Мемлекет және қоғам қайраткері, ОҚО Құрметті азаматы Амалбек Тшанов, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов, ШҚО, Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаевтар бар.
Осыдан тура 50 жыл бұрын іргетасы қаланған мектептің торқалы тойында алдымен 1967 жылы мектеп қабырғасына салынған хат ашылып, көпшілік алдында оқылды.
Мұнан кейін, 2017 жылдың оқушылары өскелең ұрпаққа арнап хат жазып, арнайы қорапқа салынып, шара мерекелік жиынға ұласты.