Самарқандтағы Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстанның мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ӨзТАГ тілшісі.
Өзбекстандық БАҚ мәлімдегендей, үш жақты құжатқа үш мемлекеттің сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов, Абдулазиз Камилов және Рашид Мередов қол қойды.
Сонымен қатар Самарқандтағы кездесуде: Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы хаттар алмасу хаттамасына қол қойылды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, түйісу нүктесі бойынша келісімге қол қою Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық тіркеудің бір кезеңін толығымен аяқтайды.
«Бүгін қол қойылған үш жақты келісім Орталық Азия үшін тарихи болып табылады, өйткені ол біздің үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларын заңдастыруға жол ашады», — деді қол қою рәсімінен кейін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Самарқандта Біріккен Ұлттар Ұйымының «Орталық Азия: өткені бір және ортақ болашақ», «Тұрақты даму және өзара өркендеу үшін ынтымақтастық» атты Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақты даму жөніндегі халықаралық конференциясы ашылды.
Ірі халықаралық іс-шараға ТМД, Еуропа, Азия және Америка елдерінен 500-ден астам адам және 10-нан астам халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде.
Бұрын Қазақстанның Ташкенттегі Елшісі Ерік Өтембаев, Қазақстан мен Өзбекстан ағымдағы жылы мемлекеттік шекараны демаркациялау бойынша барлық мәселелерді шешуді жоспарлап отырғанын айтты.
Бұған дейін Қазақстан екі жақты деңгейде мемлекеттік шекараларда Түрікменстан мен Өзбекстанмен келісімдерге қол жеткізді.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялауды бастау туралы келісімге 2001 жылы 5 шілдеде қол қойылды, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімге 2017 жылғы 18 сәуірде, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекара туралы келісімге — 2001 жылғы 16 қарашада Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген бөліктері туралы келісімге — 2002 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылды.