Бүгін Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтуде.
Өткен жылдары қазақтың ұлттың тағамы ет асудан шеберліктерін танытқан этнос өкілдері биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай, қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түсуде.
Мұндағы мақсат – өңірдегі барша этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру, ұлтымыздың қонақжайлық дәстүрін дәріптеп, рухани құндылықтарымызды жаңғырту.
Суретте: ОҚО Әзербайжан этномәдени бірлестігі
Суретте: ОҚО Грузин этномәдени бірлестігі.
Суретте: «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі
Суретте: ОҚО Қырғыз этномәдени бірлестігі
Суретте: ОҚО Тәжік этномәдени бірлестігі.
Суретте: ОҚО Грек этномәдени бірлестігі
Суретте: ОҚО кәріс этномәдени бірлестігі
Суретте: ОҚО славян этномәдени бірлестігі
Суретте: ОҚО Өзбек этномәдени бірлестігі
Суретте: ОҚО Күрді этномәдени бірлестігі
Фестивальге облыс басшылығынан бөлек, «Айғақ» Телерадиокомпаниясы» ЖШС-ның бас директоры, ОҚО мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Бәшенов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, діни конфессия өкілдері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдар мен аудан, қалалардан арнайы шақырылған делегация өкілдері, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері және БАҚ өкілдері қатысуда.
Өз кезегінде Ассамблея мүшелері әзірлеген қазақтың ұлттық тағамдарын бағалағаннан кейін жайылған дастархан мерекеге жиналған көпшіліктің назарына ұсынылды. Дастархан мәзірінен әрбір азаматтың дәм татуына жағдай жасалды.
Фестиваль аясында этномәдени бірлестіктердің мүшелері мақал-мәтел айтып, асық атудан сайысып, этномәдени бірлестіктер жанындағы өнер ұжымдары арнайы концерттік бағдарлама ұсынбақ.
«Айғақ-ақпарат».