ҚР құс өсірушілер одағы Қырғызстан арқылы Қазақстанға ауру жұқтырған қытайлық құс етінің әкелінгені туралы мәлімдеді, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (ҰКП).
«Еліміздің сөрелерінде арзан әрі сальмонеллалар сынды құс етінің ауруларымен жұқтырылған тауар саны артып келеді. Қытайдың құс фабрикаларынан келетін тауар ішкі нарыққа негізінен Қырғызстан арқылы өтеді», — деп келтірілген «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» Заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Шариповтың сөзі.
Одақ басшысы былтыр да құс етінен ауру жұқтыру белгілері анықталғанын және оның қазір де анықталып отырғанын айтты.
«2013-2014 жылдары қытайлық үйрек еті үлкен нарыққа Қызғызстан арқылы келгендігін анықтадық. Құс тұмауы мен «Ньюкасла» жұқпалы ауруларының тасылмалданған жағдайда кәсіпорынның толық жұмыс тоқтатуы немесе кейбір жағдайларда құстардың толық жойылуына дейін жеткізу мүмкін», — деді Р. Шарипов.
Хабарда атап өтілгендей, «Қытайдың соңғы 10 жылдағы құс тұмауы мен Ньюкасл ауруы бойынша жағдайы жақсы емес».
«Жем мен құс өнімдерін әкелуге тиым салынған», — деп мәлімдеді құс өсірушілер одағының президенті.
Мұндай жағдайда құс өсірушілер одағы Қазақстанның құс шаруашылығы саласына аса қауіпті және жұқпалы аурулар мен құс тұмауы вирустарының алып келінуі мен таралуына байланысты алаңдаушылық тудырып отыр.