Елімізде ұлттық спорттың дамуына айрықша үлес қосып жүрген Ақылбай Манкеев Төлеби ауданының «Құрметті азаматы» атанды.
1978 жылы Төлеби ауданына қарасты, Кеңесарық ауылында дүниеге келген ол әр жылдары облыстық, республикалық және халықаралық Ұлттық спорт жарыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, салауатты өмір салтын насихаттауда қосқан үлесі үшін арнайы дипломдармен, грамоталармен марапатталған. Көкпардан және аударыспақтан ҚР спорт шебері.
1999-2005 жылдары «Көкбөрі» ҚР көкбөрішілер қауымдастығының ОҚО филиалының оқытушы жаттықтырушысы қызметін атқарған. 2005-2007 жылдары ОҚО әкімдігінің Темірлан МКҚК-да жаттықтырушы қызметін атқарған. 2007 жылдан бері Ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде көкпардан аға жаттықтырушы қызметін атқарып келеді.
Тәуелсіз елімізде Ұлттық спорттың дамып, өркендеуіне үлкен үлес қосып келе жатқан азаматтары лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алда алар асуыңыз көп болсын!