4 қараша — Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Қуаныш Төлеметовтың туған күні. Тұғыры биік тұлғаның көзі тірі болғанда биыл 75 жасты еңсерер еді. Десе де ел ағасы елім, жерім, халқым деп, еліне дала еңбек ете білді. Кейінгі ұрпаққа азық боларлықтай, мол мұра қалдырды. Алаштың ардақты азаматының есімін, қазақ халық ешқашан ұмытпақ емес.
Шығармашылық кеште, ардақты ақынның жырлары орындалып, әсем әндері әуеледі. Мерекелік шараға жиналған қауым, ән әлеміне саяхат жасады. Өйткені Қуаныш Төлеметовтың қаламынан туған әр туынды, кімге болмасын рухани азық сыйлап, ерекше көңіл-күйге бөлейді.
Айзада Бидан